Войти через

  • 4°C

Среда, 01 декабря

Әлемді бағындырған Алакөл өрендері

TINFO
TINFO
Служба новостей
«Жеңіске тек рухтың күштілігімен ғана жетуге болады» — деп, алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан дара тұлға Бауыржан Момышұлы айтқандай еліміздің көк байрағын Әлемге желбіретіп, мәртебесін биіктетіп жүрген Алакөлдік өрендеріміз тағыда жеңіс туын көкке көтерді.

Бүгінде айбыны асқақ айдынды өлкеміздің атын тарихқа, мәдени мұрасын адамзатқа паш еткен спортшыларымыздың ақ маңдайынан шөміштей аққан еңбек суына куәгер болып жүргеніміз өтірік емес. Оған дәлел, жуырда шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан Қазақстанның көне қаласы Оралда «Панкратион» спорт түрінен Қазақстан Республикасының кубогі өткізілген байрақты бәсекеде Азат Нүсіпхан және Ерасыл Дәуітбекұлы алтынмен апталды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген кіл мықтылар жиналған додада 66 келі салмақта өнер көрсеткен Үшарал қазақ гимназиясының 10 сынып оқушысы А. Нүсіпхан және 50 келі салмақта күш сынасқан С. Иманасов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Е. Дәуітбекұлы қоржынына алтын медалін салды. Әрине, алтынмен апталып, күміспен қапталып жеңіс тұғырынан көрініп жүрген жас спортшылардың жеткен жетістігі тәжірибелі бапкердің сүбелі еңбегі.

Осы орайда, қос чемпиондарға бар білгенің үйретіп, мемлекетімізде жақсы дамып келе жатқан және әлемде мол сұранысқа ие жекпе-жек алаңына жеткізген Үшарал қаласында орналасқан «Тарлан» спорттық кешенінің жаттықтырушысы Асан Шәкеновты айтып өтпеске болмас.

Намыс пен рухы бір арнада түйіскен панкратионның қыр-сырын меңгерген жаттықтырушы мұнымен тоқтап қоймай, биік межелерді шәкірттерімен бірге бағындыруға қызу дайындық үстінде. Көздеріндегі оты, кеуделеріндегі намысы, бойларындағы жалыны жалындаған спортшыларымыздың жетістіктері көп болғай.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы үстем, мәртебеміз - биік, тұғырымыз - берік болсын!

Касиет Арстан,
Алакөл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Это может Вас заинтересовать