Войти через

  • 14°C

Пятница, 29 марта

Алғыс айту күні қарсаңында Алакөлде жалғызбасты ана баспаналы болды

TINFO
TINFO
Служба новостей
Алакөл ауданына қарасты Қабанбай ауылының тұрғыны Рая Алиева құны 2 млн.теңгені құрайтын пәтерді жалғыз басты ауыл тұрғыны Жұлдыз Рахметоваға тарту етті, деп хабарлайды Tinfo.kz аудандық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспана кілтін ауыл әкімі Қ.Құттыбеков табыстап, тұрғынның қуанышымен бөлісті.
«Әр отбасы басында баспанасы болса, бақытты. Бүгін менде, осы бақытты сезініп отырмын. Баспаналы болуыма жағдай жасап, арманымның орындалуына жәрдем еткен Рая ханымға, аудан басшысылары мен барлық азаматтарға алғысым шексіз»,– дейді үй иесі Жұлдыз Рахметова.
Бүгінде ізгіліктің шапағатын көріп, өз үйінің табалдырығын аттаған жандар алакөлдік жомарт жанды барша азаматтарға алғыс білдіреді.

Это может Вас заинтересовать