Войти через

  • 15°C

Четверг, 25 апреля

Алмас Абдинов Азия чемпионатының жеңімпаздарын қабылдады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Бүгін Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдинов ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кадеттер арасында Ташкент қаласында өткізілген Азия чемпионатының алтын медаль иегері Анель Қайратқызы мен қола жүлдегері Ақнұр Бейсенбекқызын және бапкер Бағлан Айтахынұлын жеке қабылдады, деп хабарлайды Tinfo.kz.

«Құрлықтағы бірталай мемлекеттердің басын қосқан дүбірлі додада аудан спортшылары еліміздің байрағын биікте желбіретіп, үздіктер қатарынан көріне білді. Бұл тек Алакөлдің ғана емес, күллі республиканың жетістігі», - деді құттықтауында аудан әкімі. Сонымен бірге спортшыларға сый-сияпат табыс етілді.

Бұл жеңіс боз кілем шебері атанған балуан қыздарымыздың алғашқы жүлдесі емес. Жыл басынан бері Анель Қайратқызы Қызылорда, Қостанай, Семей, Түркістан, Ақтөбе, Ташкент қалаларында өткізілген Самбодан Қазақстан Республикасының Чемпионатында жүлделі орындарды иеленіп жүрсе, Ақнұр Бейсенбекқызы Ақтөбе, Орал, және т.б. қалаларда өткізілген додалардың қола жүлдегері атанған.

Это может Вас заинтересовать