Войти через

  • 19°C

Среда, 24 апреля

Алматы облыстық соты карантинге жабылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облыстық сотының ғимаратында маусымның 8 мен 19-ы аралығында карантиндік шаралар енгізіледі, деп хабарлайды Tinfo.kz. Бұл туралы соттың Facebook ресми парақшасында жарияланды.

«COVID-19» короновирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне байланысты:

- 2020 жылдың маусым айының 8-і мен 19-ы аралығында Алматы облыстық сотының ғимаратында карантиндік шаралар енгізіледі;

- «COVID-19» ошағында белсенді дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі;

- сот ғимаратына бөгде адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді;

- облыстық соттың барлық қызметкерлері жетікүндік үй карантиніне оқшауланады;

- облыстық соттың жұмысы онлайн режимде қашықтықтан жұмыс жасаумен қамтамасыз етіле отырып уақытша тоқтатылады.

Сонымен бірге сот істерін қарау мейлінше кейінгі уақытқа шегеріледі. Сот отырыстарының тағайындалған күні мен уақыты туралы істерге қатысы бар тараптарға қосымша ақпарат жолданатын болады.

«Қысқа мерзімде қаралуы тиіс іс материалдары, яғни Қылмыстық-процессуалдық кодексінің(ары қарай- ҚПК) 107-бабы негізінде қаралатын материалдар Талдықорған қалалық сотының ғимаратында судьямен қашықтықтан қаралатын болады; шектеу шараларының мерзімі мен режимі «COVID-19»короновирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін», -делінген хабарламада.

Фото: Алматы облыстық соты

Это может Вас заинтересовать