Войти через

  • 14°C

Четверг, 28 марта

Алматы облысы: жол белгілері жаңартылуда

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қазақстан автобизнес қауымдастығының өткен жылғы мәліметі бойынша, еліміздегі барлық типтегі автокөліктердің саны 4 566 198-ге жеткен. Олардың 3 755 890-ны жеңіл автокөліктер болса, 446 475-і ауыр жүкті көліктердің қатарына жататын көрінеді.

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша өткен жылы елімізде 11484 жол көлік оқиғасы тіркелген. Жарақат алғандар саны – 15324, оқиға кезінде қаза тапқандар саны - 1552 адам. Комитеттің дерегіне сүйенсек, жол оқиғаларының көшін Алматы қаласы бастап тұр. Алматы облысындағы оқиға саны 1700-ге жеткен. Бұл аса қауіпті емей немене?!

Осы орайда кейбір жандар автокөлікті жүргізуді білгенімен жол ережелерін, жол белгілерін толық білмейді деген ой мазалайды. Соңғы он жылдықта ел ішіндегі тас жолдардың сапасы біршама жақсарып қалды.

Ережеге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді. 1.Ескерту белгілері, 2.Басымдық белгілері, 3.Тыйым салу белгілері, 4.Міндеттеу белгілері, 5.Ақпараттық көрсеткіш белгілері, 6.Қызмет көрсету белгілері, 7.Қосымша ақпараттар белгілері.

Әр топтың белгілері әртүрлі. Бірі оннан асса, енді бірі жиырмаға жетіп-жығылады. Тағы бір ерекшелігі кез-келген жол белгілірі 100 метр қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Ал олардың сапасын қадағалау мен бақылауды «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» жүзеге асырады. Өткен жылы аталған мекеменің Алматы облыстық филиалының талабымен Алматы-Қапшағай автокөлік жолында 2 шақырымдық жол сызба таңбалары талапқа сай болмағандықтан қайта сызылып, жаңартылды. Сол сияқты Алматы-Қапшағай күре жолының 45-77 шақырымындағы жол белгілерінің де жаңартылғанын айта кеткеніміз жөн.

Ал өткен айда Алматы – Шамалған – Ұзынағаш жолдарының   және  Алматы – Үшқоңыр – Ұзынағаш жолдарына тексеругі шыққанда осы жолдардың бірнеше шақырымында  жол белгілеріндегі ақауларды  анықтады. Әрине, бұл кемшіліктер бойынша  тапсырыс беруші мен тиісті мекемелерге дереу хат жолданды.

Өмірде ұсақ-түйек дейтін әңгіме жоқ. Тіршіліктің бәрі де бір-бірімен байланысты. Сондықтан, кім болсаңыз да автокөлік жүргізу үшін жауапкершіліктің тым жоғары екенін естен шығармаған абзал. Себебі, әрбір көлік жүргізушісі өзінің ғана емес, болашақтың қауіпсіздігіне де жауап береді.

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы

Это может Вас заинтересовать