Войти через

  • 17°C

Суббота, 20 апреля

Алматы облысынан Сенат депутаттығына кандидат ұсынылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының мәслихаты Сенат депутаттығына үміткер ұсынды, деп хабарлайды Tinfo.kz

16 маусымда облыстық мәслихаттың онлайн режимде өткен 58-сессиясында ҚР Парламент Сенатының депутаттығына «Nur Otan» партиясының атынан Серікжан Бескемпіров кандидат ретінде қаралып, бір ауыздан қолдау тапты.

Серікжан Бескемпіров 1960 жылы туған.  Еңбек жолын Үштөбе ет комбинатында аға шебер болып бастаған. Әр жылдарда «Темірлан» ЖШС директоры, Талдықорған қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы, «Айдын» ӨК директоры, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс атқарды.

Қаратал, Панфилов аудандарының және Текелі қаласының әкімі, Алматы облыстық мәслихатының V шақырылымының  хатшысы болды.

2012 жылдың шілде айынан Алматы облысы әкімінің орынбасары болып келеді. Ұзақ жылдар бойы кәсіпкерлік пен агроөнеркәсіптік кешен мәселелеріне жетекшілік етеді. Облыс әкімінің орынбасары қызметінде ол аймақта ауыл шаруашылығын дамытуға, қант саласын жаңғыртуға зор үлес қосты.

Фото: ашық дереккөздер

Это может Вас заинтересовать