Войти через

  • 12°C

Среда, 24 апреля

Алматы облысында 12 және 14 жасар оқушыларға іздеу жарияланды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының Полиция департаменті Ескелді ауданының кәмілетке толмаған екі жасөспіріміне іздеу жариялайды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

ПД хабарлауынша, 21 қаңтар күні Ескелді ауданының Алдабергенов ауылының екі оқушысы үйіне оралмаған.

  1. Бекберді Ару Бекбердіқызы 03.01.2006 жылы туған, М. Баисов атындағы мектептің 8-сынып оқушысы;

Үстіндегі киімдері: қызғылт түсті куртка, қара түсті бас киім, қара түсті шалбар, қара түсті сөмке.

  1. Қызырбай Талшын Қызырбайқызы 10.12.2008 жылы туған, М. Баисов атындағы мектептің 6-сынып оқушысы.

Үстіндегі киімдері: қызыл түсті куртка, қоңыр түсті бас киім, қоңыр түсті шалбар, қара түсті мектеп сөмкесі, қара түсті уги (аяқ киім).

Екі жасөспірімнің мекенжайы туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер, төмендегі телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз:

8 (72836)3-08-82 – Ескелді ауданының Полиция бөлімі; 8 (7282) 60-80-07 – Алматы облысы Полиция департаменті 8 777 846 43 88 немесе 102

Это может Вас заинтересовать