Войти через

  • 16°C

Вторник, 16 апреля

Алматы облысында 4000-нан астам нысан «Ashyq» жобасына қосылған

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысында «Ashyq» жобасын енгізген нысандар саны төрт мыңнан асты. Бұл туралы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов мәлімдеді. Оның айтуынша, облыс аудандары мен қалаларындағы 4025 кәсіпкер «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізді, деп хабарлайды Tinfo.kz.

«Бүгінгі таңда жобадағы қатысушылар саны - 1406 нысан, 2619-ы сынақ режимінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, нөлдік көрсеткіштер бойынша және 20 және одан да аз тіркеу жүргізген 447 аутсайдер жобадан шығарылды. «Ashyq» жобасының қатысушылары, аутсайдерлері мен көшбасшылары туралы ақпарат Алматы облысы әкімдігінің сайтының басты бетінде жарияланған. Сонымен бірге Кәсіпкерлер палатасының әрбір филиалында кеңесшілеріміз кәсіпкерлерге жобаға қатысуға өтінім беруге қолдау көрсетеді», - деді Әсет Шаяхметов.

Айта кетейік, облыста «Ashyq» жобасының 38 көшбасшысы бар, ол нысандарда келушілердің ең көп саны тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, «Атамекен» ҚР ҰКП Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен бірлесіп Ashyq жобасына қатысу үшін QR-кодты алу үшін өтінім беру үрдісін жеңілдетті. Бүгінде QR-кодты алу жүйесі толығымен автоматтандырылған және өтінімді мақұлдау туралы хабарлама бірнеше минут ішінде келеді.

Это может Вас заинтересовать