Войти через

  • 21°C

Среда, 24 апреля

Алматы облысында алдағы екі жылдың бюджеті бекітілді

TINFO
TINFO
Служба новостей
Бүгін облыстық мәслихаттың VII сессиясында 2021-2023 жылдарға арналған облыс бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қаралды, деп хабарлайды Tinfo.kz облыстық мәслихаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сессияға облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев төрағалық етіп, қаралған күн тәртібіндегі мәселеде облыстық мәслихат депутаттарымен бірге алдағы 2 жылдағы бюджетті бекітті.
Шараға сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Ж.Тұяқов, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ж.Әмірханов қатысып, Жомарт Амангелдіұлының баяндамасы бойынша бюджеттің негізгі шығыстары - ол бірінші кезекте әлеуметтік салаға жұмсалатынын, сонымен қатар "Nur Otan" партиясының 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасындағы көзделген мақсаттарды іске асыру аясында жүргізілетінін атап өтіп, депутаттардың бекітуін сұрады.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе - облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 18 қарашадағы #37-204 "2019-2021 жылдарға арналған Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы болды.
Облыстық мәслихат депутатары бұл мәселе бойынша облыстық автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі басқармасының басшылығының баяндамасын қарастырып, шешім қабылдады. Бұл шешім қабылдаудағы мақсат- қолданыстағы маршруттарды әлеуметтік мәні бар маршрут мәртебесін беру болып табылады. Оған қосымша 52 маршрут енгізілді.

Қаралған мәселелердің барлығы бұған дейін өткен бірлескен комиссия отырысында депутаттардың кең талқылауынан өтіп, сессия барысында шешім қабылданды.

Это может Вас заинтересовать