Войти через

  • 11°C

Суббота, 20 апреля

Алматы облысында бухгалтерлер салық саласындағы өзгерістерді талқылады

TINFO
TINFO
Служба новостей
Бүгін Алматы облысы Бухгалтерлер клубының кезекті отырысы өтті. Оған "Вместе мы - сила" кәсіпкерлер қауымдастығы өкілдерінің, аудандағы кәсіпкерлер мен бухгалтерлер қатысты, деп хабарлайды Tinfo.kz.
Талдықорған қаласы МКБ басшысының орынбасары Дархан Майлыбаев "Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы" кодекстің негізгі жаңалықтарымен таныстырды, МКД өкілдері салық салу мәселелері бойынша түсініктеме берді. Кәсіпкерлердің сұрақтары мен ұсыныстарына Бухгалтерлер клубының жетекшісі Санат Түсіпов және Кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастшысы Дана Жамболатова жауап берді.

Кездесу қорытындысы бойынша МКБ алаңында дөңгелек үстел өткізу жоспарланған, сондай-ақ микробизнестің проблемалық мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар дайындалатын болады. Кездесу жазбасы парақшамызда жарияланған.

Это может Вас заинтересовать