Войти через

  • 20°C

Пятница, 19 апреля

Алматы облысында департамент басшысы тағайындалды

TINFO
TINFO
Служба новостей

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы болып Ляззат Бейсеқұлова тағайындалды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Ұжымға жаңа басшыны Алматы облысының әкімі Амандық Баталов таныстырды. Облыс әкімі Ляззат Мұқатайқызының мемлекеттік қызметтің ыстығы мен суығына төзіп, білімі мен тәжірибесінің арқасында меритократия қағидасына сәйкес қарапайым қызметкерден Департамент басшысы лауазымына дейінгі әр белесті бағындырғанын, сондай-ақ, нағыз өз ісінің маманы екенін атап өтті.

Айта кету керек, Ляззат Мұқатайқызы Бейсеқұлова 1972 жылы 10 сәуiрде Алматы облысының Көксу ауданында дүниеге келген. Білімі бойынша инженер-технолог, экономист және құқықтанушы. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі - 22 жыл, оның ішінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымдық бөлімшесінде – 8 жыл. Аталған мемлекеттік органда қызметін Персоналды басқару бөлімінің консультанты лауазымынан бастаған.

Фото: www.instagram.com/zhetysupress/

Это может Вас заинтересовать