Войти через

  • 24°C

Пятница, 19 апреля

Алматы облысында екі адамды айуандықпен өлтірген қылмыскер ұсталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласында екі кісі өлімі дерегіне кінәлі деп айыпталған Өзбекстан Республикасының 35 жастағы азаматы ұсталды. Қылмыскер 2016 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Күдікті Алматы облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп ұсталды. 

«Қауіпті қылмыскерді іздеу үш жылдан астам уақыт бойы жүргізілген, себебі іздеу салынған азаматтың тұрғылықты жері мен жұмыс орнын бірнеше рет ауыстыруы салдарынан күдіктінің тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған және ол есепке қоюдан жалтарған. Екі облыстың жедел уәкілдерінің бірлескен еңбегінің арқасында аса ауыр қылмысқа күдікті шетел азаматы сот алдында жауапқа тартылады», - деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметі.

Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Это может Вас заинтересовать