Войти через

  • 10°C

Пятница, 29 марта

Алматы облысында ет цехы жұмысын бастады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алакөл ауданының Көлбай ауылдық округінде «Қайыңды» ЖШС мал бордақылау және ет өңдеу цехы ашылды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Алакөл ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

ЖШС құрылтайшысы ZHERSU корпорациясы бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов жобаға 835 млн теңге жұмсаған. Цехтың жылдық қуаттылығы - 1800 бас. Күніне 60 бас мал сойылып, 30 тонна еттен шұжық, консервіленген және өңделген ет өнімдері өңделіп шығарылады.

«Бүгінгі таңда асыл тұқымдылардың екі түрі: австриялық дәне еуропалық түрлері бордақыланып, шұжық өнімдерінің 30 түрі шығарылып, өндіріліп жатыр. Барлық өнімдеріміз халал стандарты бойынша дайындалады. Өнімдер таза, әрі сапалы технология бойынша әзірленуде», - дейді өндіріс технологы Дәурен Оспанов.

Мекеме 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Өнімдері Алматы облысы және Алматы қаласына сатылымға шығарылады. Сонымен бірге болашақта шет ел нарығына шығару жоспарлануда.

Фото: Алакөл ауданының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать