Войти через

  • 14°C

Пятница, 29 марта

Алматы облысында кәсіпкердің 274 қойын ұрлап кеткен

TINFO
TINFO
Служба новостей

Тәртіп сақшылары Алматы облысының Жамбыл ауданындағы шаруа қожалықтан ұрланған 274 қойды иесіне қайтарып берді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудандық полицейлер жүргізген анықтау шаралары барысында 28 жастағы ауыл тұрғынының осы қылмысқа қатысы бары анықталды. Оның үйіндегі қорадан,  сатып алушылардан ұрланған қойлардың бір бөлігі тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

«Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Тәртіп сақшылары күдіктінің сыбайластарын анықтайтын болады. Алдын ала тергеу барысында зардап шегушіге 8 миллионнан астам теңге шығын келтірілгені анықталды. Тергеу барысында қойлардың амандығына жауапты малшылардың да қатысы бары анықталатын болады», - деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары соңғы жылдары мал жоғалу дерегі едәуір азайды. Салыстырмалы түрде, 2017 жылы 460 жуық дерек тіркелсе, биыл жайылымнан жоғалған мал бойынша 148 факті орын алды.

Айта кетейік, облыста биыл тәртіп сақшылары 59 барымташылар тобйын құрықтап, олардың 131 қылмысқа қатысы барын дәлелдеген. 700 жуық қолды болған малды иелеріне қайтарған, 80 миллион теңгеге жуық материалдық шығын өндірілген.

Фото: Интернет.

Это может Вас заинтересовать