Войти через

  • 18°C

Четверг, 25 апреля

Алматы облысында «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша қандай жобалар қаржыландырылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

 

Алматы облысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қаржы алған жобалардың 75%-дан астамы ауыл шаруашылығы саласында. Үш жылдың ішінде бағдарлама аясында жалпы сомасы 126,1 млрд теңгеге 220 жоба есиелендірілді.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дәурен Оналбаевтың айтуынша, жеңілдетілген несие тамақ өнеркәсібі, туризм және қызмет көрсету, жеңіл өнеркәсіп және ағаш өңдеу, өнеркәсіп, электр энергетикасы және басқа да салалардағы жобаларға берілді.

«Жалпы бағдарлама бойынша біз құны 154,6 млрд теңге болатын 285 жобадан тұратын жобалар тізімін құрдық. Қаражат екінші деңгейлі банктер мен Аграрлық несие корпорациясы арқылы беріледі. Бүгінгі таңда банктер мен корпорация жалпы сомасы 126,1 млрд теңгеге 220 жобаны мақұлдады. Кәсіпкерлік субъектілері қолданыстағы өндірісті кеңейтуге, жануарлар мен техниканы сатып алуға, көктемгі егіс жұмыстарына қаржыландыру алды. Қазіргі таңда қосымша 16 жоба қарастырылуда, 32 жоба бойынша құжаттарды жинау, бизнес-жоспарларды әзірлеу жүргізілуде», - деді Дәурен Оңалбаев.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қатысушылардың бірі - Кербұлақ ауданындағы «Бақбол» шаруа қожалығы. Кәсіпкерге ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 28,5 млн теңге бөлінді. Іле ауданында «Nauryz Agro LTD» құс фабрикасы 6,2 млрд теңгеге қаржыландырылып, бүгінде өз өндірісі мен өнім түрін кеңейтуде. Өнеркәсіптік металл конструкцияларын өндірумен айналысатын «Aluminium of Kazakhstan (Алюминий оф Қазақстан)» ЖШС 500 млн теңге мөлшеріндегі инвестициялық мақсаттарға несие берілді.

Это может Вас заинтересовать