Войти через

  • 24°C

Воскресенье, 03 июля

Алматы облысында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі артуда

TINFO
TINFO
Служба новостей

Бүгін «ZOOM» қосымшасы арқылы онлайн режимде аудан/қала әкімі аппараты басшылары мен ішкі бақылау қызметтерінің қатысуымен Алматы облыстық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Кеңесте 2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығымен жүргізілген республикалық және «Tabiya-consult» ЖШС-мен жүргізілген аумақтық қоғамдық мониторингтің қорытындылары қаралды.

Қоғамдық мониторингтің мақсаты қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына, қолжетімділігіне және тәртібіне қанағаттану деңгейін айқындау және проблемалық мәселелерді анықтау болып табылады.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес соңғы 4 жылда Алматы облысында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі тұрақты өсу серпінін көрсетуде (2017 жылы – 36,6%, 2018 жылы 56,5%, 2019 жылы – 69,3 %, 2020 – жылы 76,6 %).

2020 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары 76,6 % көрсеткішке жетіп отыр, ал республика бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына халықтың қанағаттануының орташа деңгейі 75,1 % құрайды.

Жиын соңында жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Это может Вас заинтересовать