Войти через

  • 24°C

Пятница, 19 апреля

Алматы облысында нұротандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Jas Otan» ЖҚ Алматы облысындағы өкілдері «Skype» желісінде кездесу өткізді. «Елбасының көшбасшылық жолы» тақырыбында өткен жиынға «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева қатысып, бұл күннің маңыздылығына тоқталып өтті.

“2011 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қабылдаған Заңына сәйкес, 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні 1 желтоқсан мерекеленуде. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық Заңға өзгерістердің дәл осы күні қабылдануы жай ғана сәйкестік емес. Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Ел егемендігін алғаннан бері Елбасының басшылығымен ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Бүгінгі Қазақстан әлемнің төріне озған, барша адамзаттық мәселелерге төрелік айтқан, дүниенің ең азулы елдерінің басшыларын аузына қаратқан мерейлі мемлекет. Міне, сондықтан да әлем¬нің маңдайалды саясаткерлері Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы және жаһандық, өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде таниды”, - деді. 

Мұнан соң сөз алған Ақсу ауданына қарасты Қапал ауылдық округі әкімінің бас маманы В.Чепель Елбасының арқасында Қазақстан достық пен татулықтың мекеніне айналғанын айтты. Бүгінде сол достығымен еліміз әлемге үлгі болып отырғанын жеткізді. Шарадан жастар шабыттанып қайтты.

Сонымен бірге «Nur Otan» партиясы Алакөл аудандық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясының өкілдері Е.Жұбанышбаев пен К.Нүсіпхан аудан халқы мен партия өкілдерін онлайн режимде Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

“Тәуелсіз қазақ елінің тағдыры – Елбасы тағдыры. Елбасы тағдыры – қазақ елінің тағдыры. Абылайхан дүниеден өтер сәтінде «Елімді бейбіт өмірге жеткізе алмадым, халқым жер игілігін көре алмады, қала, кент сала алмады, елдің басын біріктіре алмадым» деп орындалмаған арманын айтып кеткен. Ұлы Абылайдың осы армандарын тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың толығымен жүзеге асырғаны баршамызға аян. Бүгінде Қазақстан, қарышты дамуымен дүниежүзін таңғалдырған, өзіндік айқын бағыты бар егемен ел ретінде қалыптасқан мемлекет. Елбасының жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында еліміз әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуда зор жетістіктерге жетті. Аз ғана мерзімде қос құрлықтың арасындағы ұлан-байтақ кеңістікте бабадан қалған қонысты түгел иемденіп, атадан қалған аруақты туды асқақ ұстап, өз алдына ел болып, еңсе көтеріп кету үшін тынымсыз еңбек, қайтпас күрес, қажымас күш-жігер керек екеніне куә болдық. Бізді бір Отан, бір тағдыр, бірінші Елбасы біріктіріп отыр, - деді Е.Жұбанышбаев.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды. Елбасының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті. Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді.



Это может Вас заинтересовать