Войти через

  • 21°C

Четверг, 28 марта

Алматы облысында «Nur Otan» бақылау комиссиясы мен қоғамдық кеңес құрамы 95% жаңарды

TINFO
TINFO
Служба новостей
«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы және аумақтық партия филиалдары жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес және Партиялық бақылау комиссиясы құрамдары 95%-ға жаңарды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Кеңес пен комиссия жетекшілері үшін арнайы семинар өткізіліп, алдағы жұмыс әдістері таныстырылды. Шараны облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Тойлыбаева ашып жүргізіп, жиынға облыстық және аумақтық партия филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі, партиялық бақылау комиссиясы төрағалары онлайн режимде қатысты.
Гүлнәр Қожағұлқызы өз сөзінде, жақында өткен сайлау науқанынан кейін біз партия филиалдары жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес және Партиялық бақылау комиссиясы құрамдары мен төрағаларын 95% пайызға жаңарғандығын атап өтіп, жаңадан сайланған комиссиямен қоғамдық кеңес төрағалары, мүшелері жаңа қарқынмен жұмыс істеу қажеттігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, қатысушыларға партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасында көрсетілген әр бағыт бойынша нысандарды партиялық бақылауға алып, тиісті жұмыс жүргізу, әлеуметтік желілерде өз парақшаларын ашып, белсенді болып, резонанс тудырған мәселелерге дер кезінде мониторинг жүргізіп, мәселенің заң аясында оңтайлы шешілуі бағытында нақты жұмыстар жүргізуді қолға алу жайлы да тапсырмалар берді.

Шарада облыстық Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры Қуат Маратұлы Баймырзаев және партиялық бақылау жөніндегі инспектор Мақсұт Ерназарұлы қатысушыларға комиссия жұмыстарын жүргізу, тиісті мониторингтер ұйымдастыру бағытында өздерінің әдістемелік көмектерін көрсетіп, бірқатар тапсырмаларды берді.

Назарға сала кетсек, партиялық бақылау комиссиясының мақсаты партия Жарғысы және партияның бағдарламалық құжаттары мен оның Төрағасының тапсырмаларын, партия органдарының шешімдерін партия ұйымдары мен партия мүшелерінің орындалуына бақылау жасау болып табылады.

Это может Вас заинтересовать