Войти через

  • 8°C

Четверг, 25 апреля

Алматы облысында «Nur Otan» партиясына жаңа мүшелер қабылданды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Бүгін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалында партия қатарына салтанатты қабылдау шарасы өтті. Ресми шарада облыстық партия филиалының төрағасы, облысы әкімі А.Баталовтың құттықтау тілегін облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева жеткізіп,  ақ жарма құттықтауын білдірді. Шара барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстық Саяси кеңес Бюро мүшесі Ермек Келемсейіт сөз алып, партияның 22 жыл ішінде ел дамуы жолындағы рөлін атап өтіп, мән-маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Гүлнәр Қожағұлқызы өз сөзінде: «Осы жылдардың ішінде «Nur Otan» партиясы үлкен саяси күшке айналды. Бүгінде біздің қатарымызда еліміз бойынша 700 мыңнан аса нұротандық бар. 

Партияны қолдайтын миллиондаған азамат еңбек етуде. Партия халықпен бірге барлық сындардан, қиындықтардан өтіп, осындай белеске көтеріліп отыр. Елбасы өзінің бір сөзінде «Nur Otan» партиясы үлкен, нағыз саяси күш ретінде халықтың күш-жігерін «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған үлкен мақсаттарға жету үшін біріктіру керек екенін айтқан болатын, осы орайда басты мақсатымыз – Елбасымыздың, мемлекеттің саясатын халықпен бірге, халықтың арасында насихаттау, халықтың күш-жігерін бір арнаға тоғыстыру, бір мүддеге біріктіру болып қала бермек» деп атап өтті.


Салтанатты жиын барысы партия саясатын белсенді іске асырып жүрген бір топ азаматтарға партия филиалы басшылығының алғыс хаты табысталды. Сонымен қатар, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен Алғыс айту және Партия күніне орай 300-ден аса адам қатысқан викториналық сұрақтармен «Туған елге мың алғыс» онлайн байқауының нәтижесі қорытындыланып, жеңімпаздары марапатталды.  

Шарада «Nur Otan» қатарына өткен бір топ белсенді жас мамандарға партия билетімен Саяси доктрина табысталып, саяси ұйым мүшелігіне өткен нұротандықтар өз пікірін білдіріп өтті. Ескелді аудандық орталық ауруханасының дәрігері Әсел Өмірбекова: «Партия қатарына өтіп, саяси өмір жолында қадамымды басып отырмын. Қазіргі заман дәрігерлері тек адамды емдеп қоймай, денсаулық сақтау саясаты жүйесінде өзінің үлесін қосып, азаматтық белсенділігін таныту қажет деп есептеймін және бұл үшін  «Nur Otan» бізге үлкен мүмкініктер беріп отыр» - деп, ойын білдірді.

Патриоттық рух беретін әндермен жалғасқан шарада «Талдықорған әуендері» ансамбілінің әншілері «Қазақ елі», «Халқым-ай», «Отаным» секілді өлеңдерімен ән салды.

Шара жалғасы естелік суреттермен тәмамдалып, марапаттаушылар өз алғыстарын білдірді.

Это может Вас заинтересовать