Войти через

  • 10°C

Суббота, 20 апреля

Алматы облысында оқушыларға компьютер жеткілікті ме?

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысында мектеп оқушыларын қажетті компьютерлік жабдықтармен қамту мәселесі қаралды. Осы мақсат үшін жергілікті бюджеттен 4 млрд теңге, республикалық бюджеттен 8,6 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Tinfo.kz.

2020-2021 оқу жылында Алматы облысында 760 мектепте 429 мыңнан аса оқушы білім алуда. Оның ішінде 564 мектептің 351 мыңға тарта оқушысы қашықтықтан білім алуда. 16 мыңдай оқушы білім алатын 196 мектеп штаттық режимде жұмыс істейді. Ал ата-аналардың өтініші негізінде 62 347 оқушы білім алуы үшін 5025 кезекші сынып ұйымдастырылған.

“Мәселен, бүгінде оқушыларды компьютермен қамту үшін жергілікті бюджеттен 4 млрд. теңге, республикалық бюджеттен 8,6 млрд теңге қарастырылған. Аталған қаржыға 55 017 компьютерлік техника сатып алынған. Мұнан бөлек демеушілердің қолдауымен 2110 компьютер алынған. Бүгінде компьютерлік техникамен 22 932 оқушы қамтылмаған. Осы оқушыларды тиісті құралмен ай соңына дейін қамтамасыз етілмек.  Штаттық режимде жұмыс істейтін және кезекші сыныптар ұйымдастырылған мектептер санитарлық талаптарды толықтай сақтап білім беруде. Бұл мақсат үшін 226,9 млн. теңге қаржы қаралған. Бұл қаржыға 5877 дезинфекциялық тоннель, 1003 тепловизор, 1741 дезинфекциялық  кілемше, 1724 бактерицидті лампа, 6240 санитайзер сынды жабдықтар алынған. Мұнан бөлек аталған мектептерден тыс қосымша 371 тепловизор, 50 тоннель, 716 дезинфекциялық кілемше, 304 бактерицидті лампа, 498 санитайзер алуға жергілікті бюджеттен қаржы қаралған. Бүгінде аталған құралдар толықтай сатып алынған, - деді «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының спикері Жамал Құлахметова.

Мұнан өзге жиынға қатысушылар білім саласындағы оң өзгерістер жайын талқылады.

Это может Вас заинтересовать