Войти через

  • 13°C

Суббота, 20 апреля

Алматы облысында "парасатты отбасыны" анықтады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша  департаменті облыстық Білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Парасатты отбасы» онлайн байқауы қорытындыланды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи талаптарды, парасатты тұлғаны дамыту мақсатында Республика көлемінде «Азаматтық бақылау» жобасымен қолдау тауып өткізілуде.

Бейнероликтер Instagram, Facebook және Vkontakte әлеуметтік желілерінде #parasattyotbasy05 хэштегтермен орналастырылу арқылы сайысқа қатысты.

Жалпы, Алматы облысы көлемінде аталған байқауды облыс тұрғындарынан 234 өтінім түсті.  Әр отбасының бейнероликтері жеке-дара сарапқа салынып, бүгін ең көп дауыс алғандары марапатталды. 234 өтінім арасында 20 отбасылар таңдалып «Зейінді отбасы», «Өнерлі отбасы», «Жомарт отбасы» және «Дәстүрге берік отбасы»  номинациялары бойынша алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Байқау нәтижесінде бірінші орынды Текелі қаласы Байжановтар отбасы иеленсе, екінші орынды Ескелді ауданы Медеуовтер отбасы, ал үшінші орынды Кербұлақ ауданынан келген Әділхан ата әулиеті иеленді.

         Номинациялар бойынша:

  1. Төрениязовтар (Қапшагай қ-сы) номинация - «Өнерлі отбасы»
  2. Әміровтер (Райымбек ауданы) номинация - «Дәстүрге берік отбасы»
  3. Өміралиевтер (Жамбыл ауданы) номинация - «Дәстүрге берік отбасы»
  4. Жиденовтер (Панфилов ауданы) номинация - «Дәстүрге берік отбасы».
  5. Тұрысбековтар (Ақсу ауданы) номинация - «Өнерлі отбасы»
  6. Өзекбаевтер (Кеген ауданы) номинация «Дәстүрге берік отбасы» 7. Жаңабаевтар (Талдықорған қ-сы) номинация - «Жомарт отбасы»
  7. Бекбатыровтар (Іле ауданы) номинация - «Дәстүрге берік отбасы 9. Шарипхановтар (Талдықорған қ-сы) номинация - «Зейінді отбасы»
  8. Мансуровтар (Ескелді ауданы) номинация - «Зейінді отбасы»
  9. Абденовтар (Ақсу ауданы) номинация - «Зейінді отбасы»
  10. Умиртаевтар (Қарасай ауданы) номинация - «Дәстүрге берік отбасы»
  11. Қылышхановтар (Талдықорған қ-сы) номинация - «Жомарт отбасы»
  12. Брик (Талдыкорган қ-сы) номинация - «Жомарт отбасы»
  13. Тұрғанбековтар (Ескелді ауданы) номинация - «Жомарт отбасы»
  14. Мусановтар (Текелі қ-сы) номинация - «Зейінді отбасы»
  15. Серікбектер (Талдықорған қ-сы) номинация - «Өнерлі отбасы»
  16. Нұрсұлтановтар (Ақсу ауданы) номинация - «Өнерлі отбасы»
  17. Қасымжановтар (Талғар ауданы) номинация - «Дәстүрге берік отбасы»
  18. Садиевтар (Талдықорған қ-сы) номинация - «Жомарт отбасы».

 ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы облысы Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Сағындықұлы байқауға қатысқан барша отбасын шын жүректен құттықтап, ең ізгі тілегін арнады.

 

Это может Вас заинтересовать