Войти через

  • 9°C

Четверг, 25 апреля

Алматы облысында тұңғыш рет әкімдік жанынан отбасылық кеңес бөлмесі ашылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Бүгін Сарқан ауданы әкімдігі жанындағы отбасылық кеңес бөлмесі жұмысын бастады, деп хабарлайды TINFO.KZ өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, отбасылық кеңес бөлмесі облыс көлемінде ең бірінші болып ашылды.

Отбасылық кеңес бөлмесінің негізгі - мақсаты жастар арасында көптеп орын алып жатқан ажырасудың алдын алу, балалардың толық жанұяда тәрбиеленуіне ат салысу, отбасының тұтастығын сақтау.

Отбасылық кеңес бөлмесінің ашылу рәсіміне аудан басшысы Марат Мелісұлы арнайы келіп, жұмыстарына табыс тіледі.

Сарқан ауданы бойынша Отбасылық кеңестің кеңесшісі болып Алматы облысы мәслихатының депутаты, ардагер ұстаз Жамал Құлақметова тағайындалды.

Жамал Ағабдолдақызының айтуынша, «Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болуы және мемлекетіміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін әрбір жанұяның тыныштығы, берік болуы біздер үшін өте маңызды. Біздің тараптан, отбасылық өмірдің үлкен өмірлік жол екендігін әрбір жасқа түсіндіріп, үйленерден бұрын жас жұптарға жақсы кеңестер беретін болсақ, түсінбеушілік, ажырасу, баланың тағдыры, жалпы отбасылық мәселелердің дау-дамайсыз шешілетіндігіне сенімдімін», - деді ол.

Аталған кеңес бөлмесі Сарқан қаласы, М.Тынышбаев көшесі №8, Балалар шығармашылық үйінің, бірінші қабатындағы №1 кабинетте орналасқан.

 

Это может Вас заинтересовать