Войти через

  • 15°C

Пятница, 19 апреля

Алматы облысындағы «Балық мектебі» саладағы тапшы мамандарды дайындайды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысында балық шаруашылығының мамандарын дайындайтын «Балық мектебі» жұмыс істейді. Өткен жылдың маусым айында ашылған білім беру мекемесі 70 маманды оқытып шықты, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Мектептің негізін қалаушы - «Есік» форель шаруашылығының жетекшісі, ихтиолог Марлен Тұрсынәлі. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау мамандығының түлегі Испанияда біліктілікті арттыру курсынан өтіп, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында зертханашы болып жұмыс істеген. Осы салада ол тәжірибе жинап, 2015 жылы жеке шаруашылығын ашты. Қазіргі таңда «Есік» форель шаруашылығында 10-ға тарта балықтың түрі өсіріледі. Жылына 300 тоннадан астам өнім өндіріледі.

Кәсіпкердің сөзінше, балық кәсібінде ең өзекті мәселелердің бірі - мамандардың тапшылығы. Сол себепті бір жыл бұрын «Балық мектебін» ашқан.

«Негізгі мақсатым – балық шаруашылығындағы кәсіби мамандар санын арттыру мен еліміздегі осы саламен айналысатын шаруа қожалықтарының санын 100-ге жеткізу. Бір жыл ішінде біз 70 маман әзірледік, оның ішінде оннан астам қатысушы жеке кәсіптерін ашты. Сабақтарымызда балық туралы түсініктен бастап, оны тамақтандыру, өсіру, емдеу, көбейту жолдарын жіті түсіндіріп, теориялық  біліммен бірге тәжірибелік сабақтарды өткіземіз», - дейді Марлен Тұрсынәлі.

Орталықтағы оқу мерзімі - 10 күн. Осыншама уақыт ішінде қатысушыларға балық өсіруші, ихтиопотология, балық шаруашылығының экономикасы, балық шаруашығын жобалау, балық шаруашылығының гидротехникасы сияқты мамандықтар бойынша білім беріледі. Курсты сәтті аяқтаған соң, сертификат табысталады.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Еңбекшіқазақ аудандық филиалы оқу орталығына жан-жақты қолдау көрсетуде.

«Оқу орталығымен ақпараттық-түсіндірме жүргізу бағытында тығыз байланыстамыз. Қатысушыларға кәсіп ашу, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес беріп, алдағы жобаларын сүйемелдеуге дайынмыз», - деді Кәсіпкерлер палатасының Еңбекшіқазақ аудандық филиалының директоры Бақытгүл Дүйсебекова.

Это может Вас заинтересовать