Войти через

  • 19°C

Суббота, 20 апреля

Алматы облысында құжатсыз мал тасымалдаушылар саны азаяр емес

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының тәртіп сақшылары 10 ай ішінде қажетті құжаттар жоқ болса да мал тасымалдаудың 656 дерегін анықтаған. Жүргізушілерге 8 миллион 92 мың теңгенің айыппұлы салынды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Қазіргі таңда өңір полицейлері «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде. Онда  мал және ет өнімдерін тасымалдауға, оларды саудалауға қажетті құжаттарды қатаң тексеруге алуда. Облыстық және республикалық жолдар бойында арнайы блок-посттар қойылып, көліктердің мал тасымалдауға қажетті құжаттарын тексерілуде.

«Бір күн ішінде мал және ет өнімдерін тасымалдаушы 80 жуық көлік тексеріліп, 17 жүргізушінің тиісті құжаттары жоқ екені анықталды. Сонымен қатар, 25 мал сату орны мен 30 астам ет өнімдерінің дүкені тексерілді»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Арнайы шара барысында бұған дейін болған 16 қылмыс ашылған. Оның 4 дерегі бұрынғы жылдар санатына жатады. Мал ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінген 3 қылмыстық топтың мүшелері құрықталған.

Фото: Интернет.

 

Это может Вас заинтересовать