Войти через

  • 9°C

Среда, 24 апреля

Алматы облысында жыл басынан бері 19 басшы жемқорлықпен жауапкершілікке тартылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Жыл басынан бері Алматы облысында түрлі мемлекеттік қызметтегі 19 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Ағымдағы жылдың 7 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша,  жедел-тергеу бағыты бойынша 84 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде 66-ы жемқорлық фактісі бойынша орын алған. Ауыр құраммен 56 қылмыс, аса ауыр құрам бойынша 5 қылмыс тіркелген.

Жалпы осы уақыт ішінде тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны 78,3% көрсеткішті құрап отыр.

«Есептік кезеңде қылмыстық жауапкершілікке барлығы 147 тұлға тартылған. Алматы облысында жыл басынан бері қылмыстық жауапкершілікке тартылған 19 басшының құрамында: облыстық маңызы бар - 6 басшы, аудандық деңгейдегі - 7 басшы, қалалық деңгейдегі - 5 басшы және 1 ауылдық деңгейдегі басшы бар. Сонымен қатар, есептік кезеңде "жүйелі" сыбайлас жемқорлықтың 8 фактісі анықталды. Кешенді іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 22 адам әшкереленді.  Жалпы саны 31 қылмыс тіркеліп, 4 қылмыстық іс сотқа жолдаумен аяқталды, 1 адам сотталды», - деп атап өтті Жандос Жұмабаев.

Сондай-ақ, жыл басынан бері барлық аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залалдың сомасы 812,5 млн. теңге құрады. Бүгінгі күні 792,1 млн. теңге өтелді, яғни аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залалдың өтелуі 97,5% көрсеткішті құрайды.

Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен Алматы облысының 3 тұрғыны 612 570 теңгеге көтермеленді.

Это может Вас заинтересовать