Войти через

  • 21°C

Среда, 24 апреля

Алматы облысының 1000-нан астам ұйымы бюджеттерін ашық түрде жариялады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысында «Сапалы жол» және «Ашық бюджеттердің интерактивтік картасы» жобаларын іске асуда, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Бұл туралы «Jetisy Media» коммуналдық мекемесінде өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды.

2018 жылы 26 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Парламентаризмді дамыту қорымен бірлесе жүзеге асырған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» бірегей жобасының таныстырылымы өткен болатын. Қазіргі таңда осы жоба Алматы облысында іске қосылды.

Интерактивтік карта - қоғамның ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдету, Қазақстан азаматтарының мемлекеттік билігіне сенім деңгейін арттыру және билік пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді диалог платформасын құру үшін құрылған ЕурАзЭҚ және ТМД елдері арасындағы бірегей жоба.

Жобаны «Парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының бастамасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Арнайы мониторингтік топтың қолдауымен «QLT» отандық IT компаниясы әзірлеген.

«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдары бюджеттерінің атқарылуын жариялау, сондай-ақ азаматтардан түскен өтініштерін қабылдау және өңдеу алаңы болып табылады. Ал картаның әлеуеті бізге сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның міндеттеріне тиімді қол жеткізу мақсатында жүйенің жаңа мүмкіндіктерін әзірлеуді және енгізуді жоспарлауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары  Жандос Сағындықұлы.

Бүгінгі күні Алматы облысында 1353 ұйым өздерінің бюджеттерін аталған платформада жариялауда.

Айта кеткен жөн, интерактивті карта 24 сағат бойы қолжетімді, егер қандай да бір сәйкессіздіктер байқалса, кез келген адам тиісті суреттер мен бейнематериалдарды тіркей отырып, уәкілетті органға хабарлай алады.

Фото: Интернет, «Jetisy Media» КММ.

Это может Вас заинтересовать