Войти через

  • 11°C

Четверг, 18 апреля

Алматы облысының 5 спортшысы Токио олимпиадасына барады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Өңір спортшылары Токио қаласында өтетін ХХХII жазғы Олимпиада ойындарына садақ атудан және грек-рим күресінен 5 жолдама ұтып алды, деп хабарлайды TINFO желілілк агенттігі.

Бұл туралы «Jetisy media» мекемесінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Нұркен Нұратов мәлімдеді.

«Қазіргі таңда Алматы облысының споршылары  келер  жылы Токио қаласында өтетін ХХХII жазғы Олимпиада ойындарына садақ атудан және грек-рим күресінен 5 жолдама ұтып алды. 2019 жылдың маусым айында Голландия мемлекетінің Хертогенбос қаласында садақ атудан өткен әлем чемпионатында облыс спортшылары Санжар Мұсаев, Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин сынды спортшыларымыз  3 жолдаманы  жекелей  ұтып алса, 1 жолдаманы  командалық есепте  иеленді», - деді облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Нұркен Нұратов.

Осы жылдың 14-22 қыркүйегінде  Нұр-Сұлтан қаласында грек-рим күресінен әлем чемпионатында Асхат Ділмұхамедов 5 орын алып,  Токио қаласында өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды.

«Жазғы Олимпиада ойындары  2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтеді. Төртжылдықтың  басты додасында  33 спорт түрінен 339 медальдар  жиынтығы сарапқа салынады деп күтілуде.  Бұл жолдамаларға олимпиадалық салмақ дәрежелерінде 1-ден 6-ға дейінгі орындардан көрінген балуандар ие болды. Дүбірлі жарысқа  10 айдан да аз уақыт қалды. Дайындық пен жаттығу шаралары басталды. Ендігі арманым - қазақ елінің көк байрағын жоғарыда желбірету», - дейді грек-рим күресінен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Асхат Ділмұхамедов.

Фото: Интернет, «Jetisy media» КММ.

Это может Вас заинтересовать