Войти через

  • 33°C

Вторник, 09 августа

Алматы облысының депутаттары тұрғындардың 400-ге жуық мәселесін шешкен

TINFO
TINFO
Служба новостей

2021 жылдың бірінші тоқсанында Алматы облысында 360 депутат қабылдау өткізіп, 693 адамды қабылдаған. Қабылдауда жолданған сұрақтардан 391 өтініш оң шешімін тауып, қалған 302 мәселе бойынша тиісті түсініктеме жсалады және  бақылауға алынды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Бұл туралы «Jetisy Media» ақпарттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Жөргенбаев мәлімдеді.

«Мекеменің алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспары төңірегінде 8 бірдей сессия өткізу жоспарланып отыр. Аталмыш сессиялардың барлығы биылғы жылдың соңына дейін іске асырылмақ. Бүгінгі күнге дейін 3 кезекті, 1 кезектен тыс сессия ойдағыдай өтіп, маңызды деп саналатын 28 шешім шығарылды.

Негізінен облыстық мәслихатта 6 тұрақты комиссия тұрғын-үй, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, ветеринария, экономика, индустриялық-инновациялық мәслелелермен, денсулық сақтау және дін істері бойынша қатынастарды ретке келтірумен айналысады»,- деді Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Жөргенбаев.

Облыстық мәслихат депутаттары 44 депутаттық сауал жолдады. Қозғалған тақырыптар аясын шешу жолдарын қарастыру мақсатында қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.

Айта кетейік, тікелей байланыс орнату үшін қоғамдық қабылдау ұйымдастырылады. Қазіргі таңда депутаттардың қабылдаулары Алматы облысы бойынша 20 аудан-қалаларында және облыстық «Nur Otan», «Қазақстанның халық партиясы», «Ауыл», «Ақжол», «Адал» партияларымен бірге іске асырылуда.

Это может Вас заинтересовать