Войти через

  • 6°C

Пятница, 29 марта

Алматы облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында бизнеске 7,5 мың қызмет көрсетілді

TINFO
TINFO
Служба новостей
2022 жылдың бес айында Алматы облысында 3,5 мыңнан астам кәсіпкер бизнесті дамыту мақсатында сервистік және консультациялық қызметтерге жүгінді.

Ісін жаңа бастағандар Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына (КҚКО) жеке кәсіпкерлік ашу, бизнес-жоспарды әзірлеу, бухгалтерлік есепті тапсыру, заң құжаттарын дайындау және басқа да сұрақтар бойынша жүгінеді. Сонымен қатар, бизнес үшін қаржыландыру қызметтері, мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер қолжетімді. Ұлттық жоба шеңберінде КҚКО арқылы кәсіпкерлерге барлық қызмет тегін көрсетіледі.

«Жыл басынан бері біздің орталықтарда 3,5 мыңнан астам кәсіпкерге 7,5 мыңға жуық қызмет көрсетілді. Менеджерлер бизнес өкілдеріне түрлі грант пен несиелеу бағдарламаларына қатысу үшін жалпы сомасы 7,2 млрд теңгеге 212 бизнес-жоспар әзірледі. Кәсіпкерлеріміз үшін барлық қызмет g4b.kz сайтында онлайн режимде де қолжетімді», – деді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев.

Талдықорғандық Виктор Борко – тәжірибелі кәсіпкер. Ай сайын Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджерлерінің арқасында салық органына қажетті есептерді тапсырады.

«Мен такси қызметін көрсетемін. Адал кәсіпкер ретінде тіркеліп, жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеп жатырмын. Экология бойынша декларация мен патент бойынша есепті тапсыру үшін КҚКО-ға ай сайын келіп тұрамын. Менеджерлер бұл есептерді әзірлеп, салық органына жіберуге көмектеседі», – дейді кәсіпкер.

КҚКО қызметін кәсіпкер Әсел Орынбаева да жиі пайдаланады. Іскер жанның шағын құрылыс компаниясы бар. Сондықтан барлық бухгалтерлік есепті «Атамекен» менеджерлері арқылы тапсырады.

«Шағын бизнес үшін мұндай тегін қызметтер үлкен сұранысқа ие және нақты қолдау», – дейді кәсіпкер.

Это может Вас заинтересовать