Войти через

  • 10°C

Пятница, 29 марта

Алматы облысының кәсіпкерлері алдағы референдум мен ұсынылған түзетулерді талқылады

TINFO
TINFO
Служба новостей
Талқылау ҰКП алаңында өңірлік палаталармен бейнеконференц байланысын қосу арқылы өтті. Еліміздің негізгі заңына түзетулерді офлайн және онлайн-режимде талқылауға 17 өңірлік кеңестің өкілдері, кәсіпкерлер, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП басқарма мүшелері, департаменттерінің директорлары, өңірлік палаталардың басшылығы қатысты. Түзетулерді түсіндіру үшін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелері, қаржы және бюджет жөніндегі комиссияның төрағасы Бауыржан Смайылов, BI Group директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев шақырылды.

Талдықорғанда «Атамекен» алаңында өңірлік кеңес төрайымы Римма Салықова, Өңірлік кеңес мүшелері, Кәсіпкерлер палатасы директоры орынбасарының м.а. Дана Жамбулатова өз пікірлерін білдірді.

Айта кету керек, Кәсіпкерлер палатасының дирекциясы, Өңірлік кеңес мүшелері Конституциялық реформаларды түсіндіру бойынша штаб құрамында. Кәсіпорын қызметкерлері арасында 2022 жылғы 5 маусымдағы референдумда ҚР Конституциясына енгізу ұсынылатын түзетулерді түсіндіру бойынша толық ауқымды жұмыс жүргізілуде.

Талқылау барысында спикерлер жалпыхалықтық дауыс беруге шығарылатын ҚР Конституциясына енгізілген негізгі өзгерістер туралы айтып берді. Жалпы, түзетулер 12 негізгі блокты қарастырады.

Алматы облысы Өңірлік кеңесінің төрайымы Римма Салықова бизнес-қоғамдастық уақыттың сын-қатерлеріне төтеп беріп, еліміздің басты оқиғасына белсенді атсалысуы тиіс екенін атап өтті.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы жергілікті жерлерде кәсіпкерлер арасында ҚР Конституциясына ұсынылған түзетулер туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

Это может Вас заинтересовать