Войти через

  • 14°C

Четверг, 28 марта

Алматы облысының кәсіподақтар орталығы «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» акциясын өткізуде

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының кәсіподақтар орталығының жастары «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» акция аясында еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіп, үй шаруаларына көмектесу бойынша іс-шаралар өткізуде, tinfo.kz хабарлайды

Акция «Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «КЕЛЕШЕК» Жастар кеңесінің белсенділерінің бастамасымен және Талдықорған гуманитарлық – техникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет мүшелерінің қолдауымен ұйымдастырылуда.

Айта кетейік, Алматы облысының кәсіподақтар орталығында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде 12 салалық кәсіподақтары 708 кәсіподақ ұйымдарын, 92 мыңнан аса кәсіподақ мүшелерін біріктіреді. Оның ішінде студенттік жастар 5000-нан асады.

Облыс көлемінде еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік аясында Алматы облысының әкімдігі, Алматы облыстық кәсіподақтар орталығы және Алматы облысындағы жұмыс берішілердің бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған облыстық келісім шеңберінде жүзеге асырылуда.

Еңбек және ұжымдық шарт шеңберінде аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұсынысымен Алматы облысы әкімдігі сайтында «Әлеуметтік әріптестік» бөлімі ашылып, оған облыстық келісім, оның тараптары туралы мәліметтер және заңнамалық ережелер орналастырылған.

Әлеуметтік-әріптестікті нығайту мақсатында өңірде мемлекеттік органдармен түрлі келісімдермен және меморандумдарға отыруда.

Еңбек қауіпсіздігі бойынша, әлеуметтік әріптестік үш жақты комиссиясы жұмысы аясында кәсіподақтар тарапынан ұсыныс жасалып, 2021-2023 жылдарға арналған Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы бекітілді.

Өңірдегі кәсіподақ ұйымы бар мекемелер мен кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 610 өндірістік кеңес құрылған және 932 техникалық инспекторлар қоғамдық негізде жұмыс жасайды.

Құқықтық жұмыстарға келетін болсақ, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері «Татуласу орталығы», «Заң клиникасы» сияқты жобаларды іске асырады. Олардың басты мақсаты азаматтарға еңбек қатынастары бойынша құқықтық кеңес беру, азаматтармен еркін диалог алмасуды.

Айта кетсек, ағымдағы жылы өңірде еңбек қызметімен байланысты 12 жазатайым оқиға орын алып, 26 жұмыскер зардап шексе, оның ішінде 2 қайғылы жағдай орын алған.

Это может Вас заинтересовать