Войти через

  • 17°C

Пятница, 19 апреля

Алматы облысының өндірушілері үшін Алматы нарығы ашылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласында тауарөндірушілер, Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдіктері арасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

"Жетісу "ӘКК "ӨДИ" АҚ-ның ұйымдастырылған кездесуінде өңірлердің басшылығы ауыл шаруашылығы өндірушілерімен және сауда желілерімен азық-түлік өнімдерін тікелей жеткізу мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасы аясында қол жеткізілген келісім бағаны тұрақтандыруға және жергілікті өндірушілерге қолдау болмақ.

Кездесуге Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Кикимов, "Жетісу " ӘКК Басқарма төрағасы Руслан Қожасбаев, "Алматы" ӘКК Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Керімбек, сондай-ақ кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының басшылары, сауда желілерінің өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, делегация «JLC сүт» ЖШС сұт өнімдерін шығару зауытына, Когер ЛТД ЖШС және "Алатау Құс" АҚ құс фабрикаларына, Көксу қант зауытына, "Маревен Фуд Тянь-Шань" ЖШС азық-түлік өнімдерін өндіру зауытына және "Наздана"шаруа қожалығының алаңында болды. Жиын барысында "Жетісу " ӘКК тауарөндірушілер мен сауда желілері арасында ынтымақтастық орнатып, өзара әріптестікке жол ашты.

Мәселен, Алматы әкімдігі Алматы облысының Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жеңілдетілген несие бере бастайды. Сонымен қатар, "Magnum Cash&Carry" сынды ірі сауда желісі облыстың тауарөндірушілерімен келісім жасауды жоспарлап отыр. Өз кезегінде тауарөндірушілердің өнімдерін сауда желілерінде Алматы қаласының және қала маңындағы жақын аудандардың тұрғындарына да қолжетімді болады.

Это может Вас заинтересовать