Войти через

  • 16°C

Четверг, 25 апреля

Алтын бесік балабақшасында Ерте жас «Балапан» тобына арналған алғашкы 8 - наурыз мерекесі өтті.

TINFO
TINFO
Служба новостей

2020 жылғы 2 наурыз күні «8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында «Алтын бесік» ясли балабақшасының ұйымдастыруымен өткізілген ерте жас «Балапан» тобына арналған алғашкы  8 - наурыз мерекесі ата-аналар мен балаларға тамаша көңіл күй сыйлады. 

Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпақты саналы тәрбиелеу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. Балабақша – барлық тәр¬бие мен білімнің ең алғаш¬қы баспалдағы іспеттес. 

Осы орайда қаламыздағы «Алтын бесік» ясли балабақшасындағы тәжірибелі педагогтар бүлдіршіндердің танымын кеңейтіп, бірлікке, ынтымаққа, достыққа шақырып, білімдерін ән-бимен, өлеңмен ұштастыруда. Олардың туған жерін сүюге, өз елінің патриоты болып өсуіне барынша жағдай жасалған. Балабақша да әр кез мерекелік шаралар  жоғары деңгеймен өтеді. 2020 жылғы 2 наурыз күні «8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында өткізілген ерте жас «Балапан» тобына арналған алғашкы  8 - наурыз мерекесі ата-аналар мен балаларға тамаша көңіл күй сыйлады. 

Көктемнің нұрындай гүл қыздар,
Сәбилер жанып тұрған жұлдыздар.
Ата, Әже, Аналармен гүл қыздар,
Көгімдегі жұлдыз болып жаныңыздар

Қыр гүлі бәйшешекте гүлденсін,
Айналап құлпырып бір түрленсін.
Біздің мынау сәби бала-бақшаға,
Құшақ жая көктем ана бір енсін.

Алтын бесік біздің бала бақшамыз,
Соған арнап жырдан шашу шашамыз.
Бұл мереке баршамызға қуаныш,
Қуанышты барша жанға арнаймыз.

Әйгеріммен Жазира дай апайлар,
Тәрбиеші, Көмекші аналар.
Балапандар бізге сондай бақытты,
Біздер ана, сәбилер бақ саналар

Ата-аналар атынан құрылтайшымыз Гүлім Жұлыноваға, Гүлбану Зайнуллина басқаратын еңбекқор ұжымға шын жүректен рахметімізді айтқымыз келеді. Кішкентай балапандарымызды қанат қақтырып, жол ашып жатқан тәрбиешілеріміз Жазира Мейренбаева мен Айгерім Қойдисанова, көмекшісі Еркенай Баткалбекова ханымдарды ерекше атап өткіміз келеді. Осынау көктеммен бірге келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, бақыт, қуаныш, отбасыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілейміз.

Это может Вас заинтересовать