Войти через

  • 17°C

Четверг, 18 апреля

Амандық Баталов Қазақ радиосын 99 жылдығымен құттықтады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қазақ радиосының ұжымын 99 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Облыс басшысы құттықтауын әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

«Қазақ радиосы - бір ғасырға жуық уақыттан бері ұлтымыздың мәдениеті мен төл тарихынан сыр шертіп келе жатқан құнды ақпарат құралы. 1921 жылдан бастап талай тарихи кезеңдерді артқа тастаған Қазақ радиосы халыққа арналған игі жобалардың тірегі болып, ұлт үнін жаңғыртуда! Тыңдарманын әуезді әнімен, сырлы сазымен, тағылымға толы дүниелерімен бір арнаға тоғыстырған бұл ақпарат көзінің қазақ қоржынына қосқан үлесі зор!

Мерейлі мереке күні радио ұжымына зор алғысымды білдіргім келеді! Шығармашылықтарыңыз одан әрі шыңдалып, ұлт алдындағы ұлы міндеттеріңізді абыроймен атқаруға тілектеспін!  Қазақ радиосының үні халқымызбен бірге ғасырдан ғасырға жалғаса берсін!», - деп жазды Амандық Баталов.

Это может Вас заинтересовать