«Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік шара өтті
Қаратал ауданында «Жанұя» отбасын қолдау орталығында Аналар күніне арналған «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шара барысында бірқатар аналарға марапаттар табысталды. Шара аясында жергілікті өнерпаздардың қатысуымен аналарға арналған әндер орындалып, сахна шырайын аша түсті. Сонымен қатар, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бақберген Қуатәліұлы Ибраимов пен “Қазақ аналары – Дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық төрайымы Гүлнар Киікбаева құттықтау сөз сөйлеп, аналарға жылы лебіздерін арнады.
Аналарды ұлықтауға арналған бұл мерекелік шара көрермендердің жүрегінен орын алып, шынайы ризашылық пен қуаныш сезіміне бөледі. Сахна төрінде ананың мейірімі мен махаббаты, отбасы берекесі мен бала тәрбиесіндегі рөлі дәріптеліп, қоғамдағы орны ерекше екенін тағы бір мәрте көрсетті.