Войти через

  • 13°C

Четверг, 28 марта

Қандастар жайы партия назарында болмақ

TINFO
TINFO
Служба новостей

«Nur Otan» партиясы доктринасында жазылғандай, партия басты құндылығы – адам, оның қадір-қасиеті мен құқықтары, заңдық мүдделері. Сондықтан ата жұртына аңсары ауып, баба жұрт мекендеген мекенге көшіп келген қандастарды қолдауды партия назарынан тыс қалдырмайды. Сондай-ақ, ел президенті Қ.Тоқаев «Оралман» деп аталып жүрген тұрғындарымызбен жұмыс істейміз, олардың қоғамымызға бейімделіп, жақын тарту үшін қандастар деп атауды ұсынамын», - деген болатын өз сөзінде. Сондықтан қандастар «Nur Otan» партиясының қолдауын сезінуі тиіс.

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әсел Төлепбергенова Талғар ауданында балабақша тәрбиешілерімен кездесті. Кездесу барысында үміткер партияның атқарған етжеңді бастамаларын, сайлауалды бағдарламада көрсетілген алдағы бес жылда атқарылуы тиіс басым бағыттарды баяндады. Сондай-ақ, кездесуге қатысушылардың талап-тілектерін де тыңдады. Жиын барысында сала өкілдері өңірдегі миграция және ата жұртқа көшіп келіп жатқан қандастар жайын қозғады.

- Партиямыз елдегі кез келген саланы бақылауда ұстайды. Оны партия ұсынған сайлауалды бағдарламасынан аңғаруға болады. Сайлауалды бағдарламада алдағы бес жылдықта өңірде балабақша сұранысын 100 пайыз қамтуды көздейді. Үш ауысымдық мектеп дегенді өткеннің еншісінде қалдырып, 80 жаңа мектеп бой көтермек. Әрине, білім беру ұйымдары стандартқа сәйкес заманауи жабдықтармен қамтылып, оқушылардың жан-жақты білімді, елдің керегесін кең етер алымды да қарымды ұрпақты тәрбиелемек. Сондай-ақ, қандастар мәселесі бізді бей-жай қалдырмайды. Оларға қолдау білдіреміз. Ата жұртты сағына келген түбіміз бір бауырларымызды қоғам өміріне бейімдеп, қоғамымызды жатсындырмау партияның бір міндеті, - деді Ә.Төлепбергенова.

Жиын барысында балабақша қызметкерлері алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, жарқын болашақ үшін дауыс беретінін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Это может Вас заинтересовать