Войти через

  • 10°C

Четверг, 25 апреля

Қапшағай өңіріндегі Қосқұдық ауылына ауыз су тартылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Қосқұдық ауылы таза сумен қамтылады. Соған сәйкес, «Алматы облысы, Қапшағай қаласы Қосқұдық, Тасқұм, Бөктер, Құлан-төбе станцияларындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу» жобасы қолға алынып су жинайтын орындары салынды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Бүгінде аталған станцияларда жаңа құбырларды тарту ісі жалғасуда. Ондағы құрылыс жұмыстары биылғы жылы аяқталады деп күтілуде.

Негізі мамандардың сөзіне қарағанда, 1928 жылы Шеңгелді аумағына теміржол салына бастағанда бұл істе қатар жүргізіліп, құбырлар ішнара жасалған. Жыл өткен сайын халық саны артып қосымша желілер тартылып, осы су құбырлары 1965 жылы қайта жаңғыртудан өткізілген. Содан бері адам қолы тимеген құбырлардың тозығы жетіп, ақырында істен шыққан.

Қазіргі таңда су жүйесі бастан-аяқ жаңартылып, құбырлар ауыстырылуда. Сыйымдылығы 300 куб болатын бұл орындардағы тіршілік нәрі алдағы уақытта орталық магистральдік жүйесі арқылы Тасқұм, Бөктер, Құлан-төбе бекеттеріне жіберіліп, жаңа желілер сала мамандарының тексеруінен өтпек. Барлық сынақтан өткен жүйелер жарамды болса, халыққа тазартылған ауыз толыққанды жеткізілмек. Осының арқасында балаларға арналған «Балдәурен» демалыс орны да су тапшылығын көрмейтін болады. 

Это может Вас заинтересовать