Войти через

  • 23°C

Суббота, 20 апреля

Қапшағай су қоймасында желмен ұшырып әкеткен екі адам құтқарылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қапшағай су қоймасында екі азамат құтқарылды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында екі адамды қайықпен жағадан алысқа желмен алып кеткен. Көмек туралы белгі олардың таныстарынан кеше сағат 22:28-де келіп түсті. Құтқарылғандар Қапшағай қаласының 1995 және 1997 жылы туған тұрғындары. Олар Қапшағайда достарымен демалыста болған. Құтқарушылар арқасында жас адамдар тірі қалды.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарын Алматы облысы ТЖД Қапшағай өңірінің құтқарушыларымен тәуліктің қараңғы уақытында, нөлдік көріну және күшті толқындар кезінде жүргізді. Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында аз уақыттың ішінде суда апатқа ұшырағандар жағадан сегіз шақырым жерден табылды және қауіпсіз жерге жеткізілді», - делінген хабарламада.

https://youtu.be/qSUpQnUeXFM
Фото: видео скриншоты
Видео: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Это может Вас заинтересовать