Войти через

  • 7°C

Пятница, 29 марта

Қапшағайда биыл 61 көше жөнделеді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қапшағай қаласының «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында әлеуметтік нысандар қайта жаңғыртылып, қаламызда абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары қолға алынып, атқарылып, бірқатар жолдар салынды.

Мәселен, 2020 жылы өңірімізде жалпы қашықтығы 26,1 км 43 көше жөндеу жұмыстарынан өтті.  Игерілген қаражат – 1259,7 млн.теңге. Оның ішінде қашықтығы 14,7 кмқұрайтын 26 көшеге күрделі жөндеу, 6 км құрайтын 7 көшеге орташа жөндеу және 5,38 км құрайтын 10 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қапшағай қаласының автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы – 458,4 шақырым. Оның ішінде республикалық жолдар – 72 км, облыстық маңызы бар – 79,5 км, аудандық маңызы бар – 306,81 кмды құрап отыр. Ал, биылғы 2021 жылы жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында қала және ауылдық округтердегі ішкі жолардарына күрделі, ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Нақты атап айтар болсақ, құны 1,5 млрдтан астам 61 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Яғни, «Гульдер», «Карлығаш», 8 и 10-шы шағын аудандарының көшелері күрделі жөндеу жұмысынан өткізіледі. Сол секілді көпшіліктің тынығу айлағына айналған «Көшпенділер» қалашығына апаратын 6 шақырымды жол орташа, «Мостоотряд -25» ықшам ауданындағы 1,84 шақырды алатын 7 көше ағымдағы жөндеу жүргізілмек. Сондай-ақ, Шеңгелді ауылдық округ елді мекендерінің 20 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттар дайындау үшін 8 млн теңге қарастырылған.  Оның 11-і Шеңгелдінің өзінде, 6-ы Кербұлақ, 2-і Сарыбұлақ, 1-і, Ақөзекте 1 ауылдарының көшелеріне жасалмақ.

Қазіргі таңда Шеңгелді ауылының 1 көшесіне және Кербұлақ ауылының 1 көшсін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттары дайын, жөндеу жұмыстарына бюджеттік өтінім берілген. Одан басқа, 2021 жылы, жаңадан түскен көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында, Заречный ауылының 11-көшесіне, Арна ауылының 9-көшесіне, жобалық-сметалық құжаттар дайындауға, бюджеттен 8 млн.теңге қарастырылып отыр. Заречный ауылының Школьная, Мира-2, Набережная көшелеріне, Арна ауылының Новая көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінімдер берілген, қаражаттың бөлінуіне қарай жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, Қапшағай қаласының және окургтардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол желісін жақсарту мақсатында жол белгілері мен жүргінші жолақтарының қараңғы жерлеріне сәулелендіріп тұратын шектеулер орнатылу көзделіп отыр.

Қапшағай қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Это может Вас заинтересовать