Войти через

  • 12°C

Пятница, 29 марта

Қарасай ауданынында дәрігерлік амбулатория ашылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының Қарасай ауданының Батан ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Дәрігерлік амбулатория 3000 тұрғынға арналған. Құрылыс жұмысы 2019 жылдың мамыр айында басталып, қазан айында аяқталған амбулаторияда 2 жалпы тәжірибелі дәрігер, стоматолог, физиотерапевт және 6 мейірбике ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді. Сонымен қатар амбулатория дарсенвализация аппараты, кольпоскоп, термостат, гинекологиялық және стоматологиялық кресломен жабдықталған.

Жалпы аумағы 387 шаршы метрді құрайтын амбулаторияның құрылысына жер телімін жеке кәсіпкер берген.

Фото: Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Это может Вас заинтересовать