Войти через

  • 13°C

Пятница, 29 марта

Қарасайлықтармен өткен жылы жүздесу

TINFO
TINFO
Служба новостей
Үкіметтік емес ұйымдар ел дамуы жолында ерекше орын алары хақ. Осы орайда, өңірімізге келген халық қалаулылары іс-сапары аясында Қарасай ауданына келіп, «Атамекен» ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында болды.
Сенат депутаттары Б.Жұмағұлов, Д.Нөкетаева мұражай жұмысымен танысып, одан әрі кездесу өткізді. Сенаторлар заң шығармашылық жұмыстары жайлы атап өтіп, қатысушылармен пікір алмасты. «Жігер-М» мүгедек спортшылардың федерациясының директоры Т.Ходжамұратов үкіметтік емес ұйымдар жайлы айтып өтіп, сайлау науқаны барысында нұротандықтармен бірлесе қызмет атқарып, қолдау көрсететінін атап өтті. Шара соңы қатысушылармен сұрақ-жуап алмасып, ұсыныстарымен бөлісті.

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан  төленді.

Это может Вас заинтересовать