Войти через

  • 20°C

Вторник, 23 апреля

Ардагер Ғайыс Егембердиевке құрмет көрсетілді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Ұлы жеңістің 75-жылдығы қарсаңында Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Абылай Қанатов қаламыздың ардақты тұрғыны,Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Ғайыс Егембердиев атамен кездесіп, мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында ардагер сұрапыл соғыстың отанымызға қаншама қасірет алып келгенін, бүгінгі таңда еліміз бейбітшілік пен келісімде өмір кешіп жатқанын айтып, халықтың басты міндеті елдің бірлігін және тыныштығын сақтап қалу екендігін атап өтті. Сонымен қатар соғысқа қалай аттанғаны туралы, қандай қиыншылықтар болса да Отан үшін жандарын аямай ерлікпен күрескендері туралы қысқаша баяндап берді.

Ғайыс Егембердиев 1924 жылы 17 наурызда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қаратау етегінде Ақұйық деген жерде дүниеге келген. Мектепті бітірісімен 1942 жылы соғысқа аттанып, 1,2-Беларусь, 3-Балтық бойы майданындағы шайқастарына қатысқан. Пулеметшілер командирі, Бас қолбасшының пәрменімен ғана жойқын қақтығысқа араласатын, тоқсан килолық снарядты он сегіз шақырымға жеткізетін 203 мм гаубица командирі болған. Рига қаласын тікелей азат етіп, Шығыс Пруссияға жеткенде соғыс өрті өшкен. Отанына Ғайс ата 1947 жылы оралып, Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. «Социалистік Қазақстан», «Октябрь туы» газеттерірнде қызмет атқарып, 30 жыл журналистика саласына арнады.

Ғайыс Егембердіұлы «Бірінші дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Қызыл Жұлдыз» ордені, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі мен Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының үш мәрте Құрмет Грамотасымен және көптеген медальдармен марапатталған.

Кездесу соңында Ғайыс ата ақ батасын беріп, барлық оқушыларға сәттілік тіледі.

Это может Вас заинтересовать