Войти через

  • 9°C

Четверг, 25 апреля

Ардагер бейітіне туған жерінің топырағы салынды

TINFO
TINFO
Служба новостей

«Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын іске асыру жалғасуда. Талдықорған қалалық партия филиалы «Авангард» БПҰ төрағасы, облыстық мәслихаттың өкілі Ғ.Аманжолұлының бастамасымен Алматы қаласы Жетісу ауданында жерленген ҰОС ардагері Байтұрсын Есеркеповтың бейітіне туып өскен ауылы Алматы облысы Ескелді ауданы Бақтыбай ауылдық округіне қарасты Талдыарық ауылының топырағы жеткізіліп, бейіт басына салынды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Назарларыңызға сала  кетсек, ҰОС соғысына дейін Б.Есеркепов жоғарыда аталған ауылда 1917 жылы туып өскен. 1935 жылы отан алдында әскери борышын өтеп, 1941 жылы Қарабұлақ әскери комитетінен соғысқа аттанған. Әскери авиацияда қызмет етіп, ұшқыштар қатарында болған. Гвардия капитаны.  Соғыста 1942 жылы Сталинград түбінде болашақ жары Татьяна Агеевна Демидовамен танысып, елге оралған соң отау құрған.

Талдыарық ауылы қазіргі таңда елді мекен ретінде жоқ, ешкім тұрмайды. Тіпті бұрыңғы үйлерде көрінбей, үлкен егістік аумағына айналған. Дегенмен, ардагердің туған ауылының жерін Бақтыбай ауылдық округінің әкімі Азамат Саскебаевпен бірге іздестіріп, орнын тауып, топырағы алынды.

Осы уақытқа дейін, партияның жобасы аясында «Қазақ радиосының» «Бармысың бауырым» бағдарламасы арқылы жауынгердің ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында марқұм ардагердің туыстарына іздеу салып, туыстары табылып, партия тарапынан тығыз байланыс орнатқан.

Это может Вас заинтересовать