Войти через

  • 8°C

Пятница, 19 апреля

Ассамблеяға 25 жыл: «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» облыстық форумы өтті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай Халықаралық қарттар күні аясында Талдықорған қаласының Достық үйінде «Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығы» КММ және «Авив» еврей мәдени-қайырымдылық орталығының ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» облыстық форумы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Халықаралық қарттар күні - аға ұрпақ үшін ерекше күн. Мереке БҰҰ бастамасымен 1990 жылдың желтоқсанында құрылды. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Олардың өмірлік тәжірибелері, ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының жастар үшін орны бөлек. Себебі, олардың әрқайсысының облысымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері зор. 

Іс-шараның басты мақсаты – қарттарымызға құрмет көрсету, олардың мемлекеттің даму жолында қосқан үлесін, жас ұрпаққа үлгі ретінде насихаттау. 

Құттықтау сөзбен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Сәуле Алханқызы Сурабалдинова, «Авив» еврей мәдени - қайырымдылық орталығының төрағасы Игорь Александрович Возчиков, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің төрайымы Светлана Зунуновна Гаитова, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Несіпжамал Қасымбекқызы Баймадиева, кәсіби медиатор Мусанова Шолпан Мадгалиевна сөз сөйледі.

Салтанатты шараға   ЭМБ-дің ақсақалдар кеңесінен, басқа да салада қызмет еткен аға буын өкілдерінен барлығы 30 адам қатысты.

Талай жасты тәрбиелеп,  бүгінгі таңда еңбектерінің зейнетін көріп отырған ұлағатты қарттарға облыстық Ассамблея мен «Достық үй – Қоғамдық келісім орталығы» қайырымдылық дастархан жайып, мерекелік концерттік бағдарлама дайындады. 

Қарттарға арнап, Достық үйінің ұжымы мен этномәдени бірлестіктер мерекелік концерт ұйымдастырды. Соңында қарттарға сыйлықтар табысталды.

Это может Вас заинтересовать