Аты-жөнін өзгерту туралы куәлікті қайталап алу
Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш онлайн режимде Egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.
Ол үшін:
- Egov.kz порталына кіріңіз;
- Іздеу жолы арқылы «Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін табыңыз;
- Қызметті онлайн сұратыңыз;
- Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;
- Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы деректерді порталға енгізіңіз;
- Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз;
- Үшінші қадамда төлем мәртебесі жайлы ақпаратты «жаңарту» арқылы порталға шығарыңыз;
- Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
- Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.
Қызмет құны 1 айлық есептік көрсеткіш.
Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.
