Войти через

  • 12°C

Пятница, 29 марта

Ауыл" партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті 30.09.2022 ж. Астана қаласында "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Съезд жұмысына партияның барлық облыстарынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан делегаттар қатысты, tinfo.kz хабарлайды

 

 

Съезге партияның өңірлік филиалдарында өткен облыстық және қалалық конференцияларда сайланған делегаттар, партияның жастар қанатының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Кезектен тыс ХХ съездің басты міндеті 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсыну болады.

Еліміздегі өті маңызды реформалар жүргізілуде. Ол реформаларды партия мүшелері толық қолдайды және мемлекетіміздің дамуында үлкен серпіліс береді деп есептейді.

Партияның "Ауыл" ХДПП төрағасы Ә.Ә Бектаев айтқан мәлімдемесінде " .. «Ауыл» партиясы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысуды ауыл мен ауыл шаруашылығының қал-ахуалына, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты проблемаларға мемлекет пен қоғамның назарын аударудың тағы бір мүмкіндігі деп санайды.

«Ауыл» партиясы ауыл тұрғындарының, еңбек адамдарының, адал еңбеккерлердің мұң –мұқтажын қозғап, мүддесін қорғайтын ұйым ретінде саяси ұстанымын тағы бір мәрте дәлелдемек. Ауыл – дәстүрлі құндылықтарымыздың тамыры мен бастауы, өнегелі - адамгершілік дәстүрлерінің өзегі, халқымыздың тілі мен мәдени діңгегін сақтаушы.

 «Ауыл» Халықтық – демократиялық патриоттық партиясының басты мақсаты – саяси тұрғыдан тұрақты, экономикалық тұрғыдан өркендеген, әлеуметтік тұрғыдан әділетті «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыруға атсалысу. Әли Бектаев сондай-ақ әрбір қазақстандықты осы тарихи сәтте өзінің азаматтық белсенділігін көрсетуге және Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы сайлауына қатысуға шақырды.

"Ауыл" ХДПП съезінде делегаттар "Ауыл" ХДПП-нан ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлауалды науқанына негіз болатын партияның сайлауалды саяси Платформасын қабылдады.

Это может Вас заинтересовать