Бәрі де халық игілігі үшін
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен жер-жерді аралап жүрген кандидаттар «Nur Otan» партиясының алға қойған міндеттерін халыққа барынша таныстыруда. Бүгін Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылына ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Константин Нестеров келді.
Текелі қаласындағы Мәдениет үйінің директоры, «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі ауыл тұрғындарымен кездесіп, партияның Алматы облысы бойынша дайындалған сайлауалды бағдарламасын таныстырды. «Біздің бағдарламамыз Алматы облысын кешенді дамытуды мақсат еткен. Әр саланың тың серпін алуын, халықты жұмыспен қамтып, тұрғындар үшін қауіпсіз аймақ құруды, азық-түлік сапасын арттырып, кәсіпкерлікті қолдауды, экологиялық жағдайды жақсартып, өңірде туризмді дамытуды және тағы басқа да тың мәселелерді қозғап, тіпті олардың шешілу жолдарын да ұсынып отыр. Бағдарламада жеті басымдық бойынша алдағы бес жылда жүзеге асатын жұмыстар басталар уақытына дейін белгіленіп қойған. Партияның сайлауалды бағдарламасына енгендіктен бұл жобалардың барлығы да халық игілігіне беріледі», – деген үміткер жиналғандардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы болатын сайлауға қатысуға, «Nur Otan» партиясын қолдап, болашақты бірге қалауға шақырды.
«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.