Войти через

  • 11°C

Пятница, 19 апреля

Біз - Отан үшін от кешкен батырдың ұрпағымыз

TINFO
TINFO
Служба новостей

Соғыс… Қандай қатыгез сөз. Бар болғаны бес әріптен құралған. Ал мағынасы қандай қорқынышты. Қатыгез соғыс 1941 жылы басталып, 1945 жылы аяқталды. Осы төрт жыл бойы қаншама адамның өмірі қиылды, қалалар қирады.

Міне, Ұлы Жеңіс күні келді. Қандай қуаныш, қандай керемет! Біз, бейбіт әлемде өмір сүреміз, біз, бақыттымыз. Біз, қалаған жерге бара аламыз, өзімізге ұнаған мектепте оқи аламыз. Біздің аталарымыздың ерлігі арқасында біз еш қиындықсыз өмір сүрудеміз. Біздің бейбіт өмір үшін  аянбай шайқасқан салдаттардың бірі менің  арғы атам Битаев Қали болған еді. Ол өзінің 36 жасында майданға аттанды. Атам Мәскеу қаласынан, сонау  Чехословакия түбіне дейін барыпты.

Қали ата туған ауылына Ұлы Жеңістен кейін 5 жыл өткен соң оралған екен. Ауыр жарақаттан кейін ол жараланған  жылқыларды бағып күтіпті.

Мен өз жерін, елін жаудан қорғаған адамдардың бірі менің атам болғанына мақтан етемін. Ол адамдардың тыныштығы мен бақыты үшін күрескен. Менің атам – батыр, отансүйгіш, мен арғы атамды мақтан тұтамын.

«Ерсiз ел болмайды, елсiз ер болмайды»,- дейдi батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы. Сол соғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жеңіске жеткен бабаларға мың алғыс.

Самира Омарбек, Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 3 «В» сынып оқушысы

Это может Вас заинтересовать