Войти через

  • 9°C

Среда, 24 апреля

«Бағаның өсуіне әсер ететін еді»: Алматы облысының прокуратурасы әкімдіктің шешіміне қарсы шықты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының прокуратурасы газбен жабдықтау қызметі саласындағы облыс әкімдігінің қаулысының күшін жойды. Әкімдік тарапынан бәсекелестікке қарсы орта құру фактілері анықталды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Белгілі болғандай, облыс әкімдігінің қаулысымен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Талдықорған қаласының газ тарату желілерін басқаруға және оларға билік етуге айрықша құқық берілген.

Прокуратурада аталған қаулы Кәсіпкерлік кодекстің нормаларына қайшы келіп, нәтижесінде газбен жабдықтау саласындағы бағаның өсуіне әсер ететін атап өтті.

«Осыған байланысты облыс прокуратурасымен жергілікті атқарушы органның заңсыз актісіне наразылық келтіріліп, ол толығымен қанағаттандырылды. Осылайша, Талдықорған қаласының 140 мың тұрғыны газбен жабдықтау саласындағы қызмет көрсететін мекемелерді өз еркінше таңдау жасауға құқығы пайда болды», - делінген хабарламада.

Фото: ашық дереккөзздер

Это может Вас заинтересовать