Войти через

  • 10°C

Среда, 24 апреля

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша несиелік өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпаратынша, биыл аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін бюджет тарапынан бөлінетін лимит мөлшері екі есеге ұлғайтылды. Қолжетімді заемдар осы жылы шамамен 600 отбасыға беріледі.

Жергілікті әкімдіктен отбасының мәртебесін (көп балалы, толық емес, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы) растайтын жолдаманы алған соң Банкке құжаттар тапсыру үшін келіп, заем алуға өтінім беру керектігін естеріңізге саламыз.

Заем мөлшерлемесі бұрынғысынша жылдық 2%-ды құрайды, бастапқы жарна –10%. Биылғы жылы енгізілген басты өзгеріс – енді ол күнкөріс минимумының мөлшеріне сәйкес есептелінетін болады. Талаптарға сай, жеңілдетілген заем алу үшін әр отбасы мүшесіне келетін табыс мөлшері соңғы алты айда ай сайын екі күнкөріс минимумынан, яғни, 62 366 теңгеден аспауы қажет. Яғни, бұған дейін осы талапқа сай келмеген отбасылар осы жылы бағдарламаға қатысып, қоныс тойын тойлай алады.

Өткен жылы осы бағдарлама 500 отбасының тұрғын үй мәселесін шешуге септігін тигізді. Бұған қоса тағы 70 отбасы несиелері бойынша мақұлдау алып, болашақ баспанасын іздестіріп жатыр.

Это может Вас заинтересовать